Соғыс басталғалы бері Ресей сотына әскери қызметтен бас тарту жайлы 20 мыңнан астам іс түскен

Ресейлік әскери полиция (көрнекі сурет)

Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс бастағалы бері Ресей соттарына әскери қызметтен жалтаруға байланысты 20 538 қылмыстық іс түскен. Мұндай деректі Ресейдің сот сайттарындағы мәліметтерге сүйеніп, "Медиазона" хабарлады.

Ол істердің көбі – 18 159 іс – әскери бөлімді өз бетімен тастап кету бабы бойынша қозғалған. Одан кейінгі орында – бастықтың бұйрығын орындамауға байланысты 1369 іс, ал әскер қатарынан қашу (дезертирлік) әрекеті бойынша 1010 іс тіркелген.

Ресей соттары 17 700 айыпталушыға қатысты үкім шығарған. 2025 жылдың бір ғана сәуір айында мұндай істер бойынша күн сайын орта есеппен 38 сот шешімі шығарылып отырған. Бір ай ішінде жиынтығы 848 үкім шыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қазақстанға қашқан ресейлік әскери қызметкерлер Франциядан саяси баспана сұрады